Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден «Гауһар лигасында» қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден «Гауһар лигасында» қола медаль иеленді

07.05.2016
Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден «Гауһар лигасында» қола медаль иеленді

Катарда жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» алғашқы кезеңі өтті. Әйелдер арасындағы үш қарғып секіру жарысына 9 спортшы қатысты.

Қазақстандық Ольга Рыпакова бұл сайыста 14,61 метрге секіріп, қола медаль иеленді. Ал, 15,04 метрге секірген колумбиялық Катерин Ибаргуэн жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені венесуэлалық Улимар Рохас (14,92 метр) иеленді.

Жеңіл атлетика. Гауһар лигасы. Бірінші кезең. Доха (Катар). Үш қарғып секіру. Әйелдер. (9 қатысушы)

1. Катерин Ибаргуэн (Колумбия) — 15,04

2. Улимар Рохас (Венесуэла) — 14,92

3. Ольга Рыпакова (Қазақстан) — 14,61.

Хабарламаларға жазылу