Алматыда өзіне қол салғысы келген қызды құтқарған полицей марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өзіне қол салғысы келген қызды құтқарған полицей марапатталды

06.05.2016
Алматыда өзіне қол салғысы келген қызды құтқарған полицей марапатталды

Айта кету керек,  «Буран-111» экипажына бір бойжеткеннің көпірден секіргелі тұрғаны туралы хабарланған.

Бірнеше минутта оқиға орнына жеткен полицейлер уақыт созу үшін қызды əңгімеге тарта бастады.

Бойжеткен бірнеше күн бұрын босанған болып шықты. Отбасы мүшелерінің көрсеткен қысымына шыдамай өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан.

«Əйел бір мезетте төмен қараған кезде оны ұстап үлгердім. Бірақ мен ерлік жасаған жоқпын. Менің орнымды кез келген полицей осылай істер еді. Бұл біздің парызымыз», - деді сержант Əбдірайымов.

ІІД ғимаратында өткен салтанатты жиын барысында алматылық құқық қорғаушылардың Отан алдындағы борышын адал атқарып жатқандығы айтылды.

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу