Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов қала әкімінің орынбасары болған Болат Сауранбаевтың орнына келді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің анықтама:
Сұлтанбек Мәкежанов 1961 жылы Жамбыл облысында туған.
Еңбек жолын «Карагандапромстрой» тресінің шебері, инженер-геодезист болып бастаған. Алматы теміржолы комсомолының хатшысы болған.
1990 жылы «Интернационалист» МЖК инженері, 1990-1992 жылдары «Халық қазынасы» кәсіпорны төрағасының орынбасары, «Саян» ЖШС, «Астана-Холдинг банк» АҚ, «Казахинвест» корпорациясы, «Аэлита», «Сириус» ЖШС басшылығында қызмет атқарған.
2002-2004 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы әкімі аппаратының басшылығында қызмет еткен.