Бүгін Серке Қожамқұловтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Серке Қожамқұловтың туған күні

05.05.2016
 Бүгін Серке Қожамқұловтың туған күні

Серке Қожамқұлов – ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Қожамқұлов әрбір рөлдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын дара дарын иесі еді. Оның актерлық шеберлігі комедиялық рөлдерде айқын көрінетін.

Сондай-ақ, Серке Қожамқұлов қазақ киносының да іргетасын қалаушылар қатарында болды. Өйткені, қазақтың тұңғыш көркем фильмі саналатын «Дала әнінде» Батырақтың және «Амангелдіде» Бекет ұстаның рөлін сомдады.

Серке Қожамқұлов 20-дан астам көркем фильмге түсті. Олардың барлығы асқан шеберлікпен жасалған қайталанбас кесек образдар болатын. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін сахнамен қоштасқан жоқ. Театр өнеріне етене араласты.

Ұлттық арнаның алтын қорында оның көркемдік кеңесте сөйлеген сөзі сақталған. 

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу