Ауаны Оңтүстік Уэльстің Көгілдір тауларынан, Бонди жағажайынан, құрлықтың ірі туристік орталықтарының бірі - Голд-Кост қаласынан жеткізеді. Қытайлықтар бір банкі ауаны шамамен 20 долларға сатып алады.
Австралия ауасымен тыныстау үшін әр құтыға қоса берілген бетпердені пайдалану жеткілікті. Бизнесмендер ауа зарарсыздандырылған жабдық көмегімен алынатынын, сапа бақылауынан өтетінін атап өткен.
Қытайлық саудагер Вивиан Чжоудың айтуынша, ауаның ластануы - ел үшін үлкен проблема екенін, ал сатып алушылар австралиялық ауаны жақсы көреді екен.
ҚазАқпарат