«Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының алғашқы екі томы: «Алмас қылыш» және «Жанталас» чех тіліне аударылып, таныстырылды»,- делінген хабарламада.
Үшінші «Қаһар» кітабын Қазақстан Елшілігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың желтоқсанында таныстырады.
«Кітап чехиялықтар арасында қызығушылық тудырды. Олар трилогияның үшінші томын тағатсыздана күтуде», - деп жазылған хабарламада.