«Синьхуа» агенттінінің жазуынша, панда 2014 жылдың желтоқсан айында өлтіріліп, бөлшектеп сатылған.
Оқиғаға кінәлі Чжаотун қаласының тұрғыны Ван Вэньлинь панданы өлтіргені үшін 13 жылға сотталса, ал оның ағасы Ван Вэньцай етін бөлшектеп сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың екеуіне сондай-ақ, 1,5 мың доллар көлемінде айыппұл салынды. Тағы бір ер адам Ван Вэньцаймен бірге панданың бөліктерін сатқаны үшін төрт жыл түрмеде отырады.
Ағайынды Вандардың өзі бұл қылмысын хайуанның қорадағы қойларына шабуыл жасағаны үшін өлтіргенін айтады. Олар басында панда екенін білмеген көрінеді.
ҚазАқпарат