СҚО тұрғыны жалған ақпарат таратқан үшін 2,5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО тұрғыны жалған ақпарат таратқан үшін 2,5 жылға сотталды

27.05.2022

Солтүстік Қазақстан облысында көпқабатты үйде жарылғыш зат бар деп жалған хабар таратқан ауыл тұрғыны 2,5 жылға сотталды.

Ол мас күйінде төтенше жағдай қызметіне хабарласқан. Полицейлер күдіктіні бірден анықтады. Аққайың ауданды Қиялы ауылының тұрғыны бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін жазасын өтеген.

Еске сала кетейік қылмыстық кодекс бойынша терроризм актісі туралы жалған хабар бергендерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаралған.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу