Астананың алғашқы құрылысын жоспарлап, қала келбетін қалыптастыруға атсалысқандардың бірі - ҚР Құрметті сәулетшісі Аманжол Шәймерденұлы. Сәулетші 1965 жылдан бері Астана қаласының тұрады. 70 жасқа келсе де, әлі де ізденіс үстінде.
«Таңшолпан» тілшісі Еркін Шәкірұлы сәулетшіні мерейтойымен құттықтап қайтты.
Үкімет үйі, Жоғарғы сот пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің қос ғимараты - құрылысшы қолтаңбасы қалған ғимараттар. Оң жағалау мен сол жағалауды жалғап тұрған көпірлер де Аманжол Шәймерденұлының қиялынан туған.
Сәулетші Астананың бүгінгі келбетіне қарап марқаяды. «Балалығым өткен Оралдың ормандарын сағынсам, елорданың жасыл белдеуін аралап қайтамын», дейді.
Мерейтойын қарсы алып отырған Құрметті сәулетші қазір агломерация бойынша бірнеше жобаға атсалысуда.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.