«Балапан» телеарнасы Балаларды қорғау күніне орай «Менің елім» тақырыбында республикалық сурет байқауын жариялайды. Сайысқа 6-8 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Байқау шарттары:
1) Сурет форматы А3 болуы қажет;
2) Туындыны жиектемеге (рамка) салу керек;
3) Автордың аты-жөні, жасы, тұрғылықты жері және байланыс телефоны көрсетілуі тиіс.
Жұмыстар 25 мамырға дейін қабылданады. Үздік суреттер Астана қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.