Алматыда «Mercedes-Benz Fashion Week» сән көрсетілімі басталды. Көрсетілімде танымал дизайнер Айгүл Қасымова мен сән бағытындағы еңбек жолдарын енді бастаған сәнгерлер Kamila Moor, Kiik, Bru, сондай-ақ, Elena Reva бренді коллекцияларын ұсынды.
MBFW алғашқы күнін Айгүл Қасымова ашты. Коллекцияның негізгі түстері: көк, қоңыр-қызғылт, қою қызыл.
2016-2017 сән маусымында ұзын қолғаптары бар қаптама көйлектер, тері қалталы пальто, жібек матадан тігілген жеңіл ұзын көйлек, сарафан, белдемшелер ұсынылды.
ҚазАқпарат