Қытай бизнесмені, Guan Sheng Yuan ірі азық-түлік компаниясының бұрынғы басшысы Вэн Мао (Weng Mao) Юнтай (Хэнань провинциясы) тауларында қыдырып жүрген кезінде оқыстан қаза тапқан. Бұл туралы 22 сәуірде қытайлық CCTV News жаңалықтар телеарнасы хабарлады.
67 жастағы кәсіпкердің өліміне оның басына жоғарыдан маймыл лақтырған тастың тиюі себеп болған. Вэн Маоны шұғыл ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмаған.
CCTV News ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта бұл туристік бағдар жабық.