Бұл туралы бүгін ХІІІ Еуразия медиа форумы барысында ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан келесі жылы халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізеді. ХІІІ форумға қатысқан шетелдік қонақтардың бәрі бүгін Астана қаласын аралағанда, ЭКСПО алаңына да барады. Ал, мен келесі ХIV Еуразия медиа форумы 22-23 маусым күндері, ЭКСПО көрмесінің аумағында өтетінін қуана хабарлаймын», - деді Д.Назарбаева ХІІІ форумды қорытындылай отырып.
ХІІІ Еуразия медиа форумына қатысу үшін биыл Қазақстанның елордасына 50 елден 400 делегат, 30 арнайы спикер келді. Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық медиа форум 2002 жылы Дариға Назарбаеваның бастамасы бойынша батыс пен шығысқа қатысты мәселелерді талқылайтын коммерциялық емес және саясаттан тыс ұйым ретінде құрылған еді.
ҚазАқпарат