22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

22.04.2016
 22 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Тек республиканың солтүстік-батысында  және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрормет.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде өрт болу қаупі бар.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу