Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 23-24 сәуір күнгі ауа райы болжамы

23.04.2020
Қар аралас жаңбыр, бұршақ – 23-24 сәуір күнгі ауа райы болжамы

23 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыста тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Жекелеген аумақтарда тұман күтіледі. 

Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ, түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 артады. күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ дауыл тұруы мүмкін. Ақмола облысында бұршақ болжанады. Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ал 24 сәуірде Ақтөбе облысы, 24-25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі.

Хабарламаларға жазылу