Бүгін Шымкентте «Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» боксшылары айқасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Шымкентте «Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» боксшылары айқасады

22.04.2016
Бүгін Шымкентте «Астана Арланс» пен «Касикос Венесуэла» боксшылары айқасады

Дүниежүзілік бокс сериясының екі дүркін чемпионы «Astana Arlans» командасы өз қарсыластары «Касикос Венесуэла» командасымен бірге кеше брифинг өткізді.

Алдын ала белгілі болғандай, қос команда 22-23 сәуір күндері Шымкент қаласында қолғап түйістіреді. 22 сәуір күні 49, 56, 64, 75 , 91 келідегі боксшылар жұдырықтасады. Ал 23 сәуірде 52, 60, 69, 81, +91 келідегі спортшылар өзара сынға түседі. Журналистердің сұрақтарына жауап берген команда жетекшілері додаға сақадай  сай екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, венесуэалалықтар осы маусымда «Раша боксинг тим», «Рафако Гусар Поланд»,«Аргентина Кондорс» клубтарымен кездесті. Маусым қорытындысында венесуэлалықтар екінші орын алып, тек ресейліктерге көш басын беріп қойды.

Кездесу сағат 21:30 жеңіл атлетика манежінде өтеді , деп хабарлайды otyrar.kz.

Хабарламаларға жазылу