Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігеріне көмектесуіміз керек - Х.Карзай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігеріне көмектесуіміз керек - Х.Карзай

21.04.2016
Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігеріне көмектесуіміз керек - Х.Карзай

«Ауғанстанның дамуына мәдени-тарихи тұрғыда көп көмектескен Қазақстан еліне қайта келіп отырғаным мені зор қуанышқа бөлеп тұр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның жақсы досы, Ауғанстанды қалпына келтіру жолында біздің жақсы әріптесіміз болды.  Медиа-форумның жұмысы туралы айтпастан бұрын,  Ауғанстан студенттерінің Қазақстанда білім алуы үшін 1000 шәкіртақы тағайындаған Қазақстан Президенті мен  қазақ халқына алғыс айтқым келеді», - деді медиа форумның негізгі сессиясында сөз алған Ауғанстанның экс-президенті Х.Карзай.

Бұл ретте Х.Карзай мыңнан аса стипендияның 200-ге жуығы медицина саласында екенін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы әлеуметтік тоқырауға ұшырап, жастарына білім бере алмаған Ауғанстан үшін бұл зор көмек екенін атап өтті.

«Қазақстан Президенті сондай-ақ Ауғанстанды тұрақтандырып, бейбітшілікке бастау үшін де көп еңбек сіңірді. Н.Назарбаевтың жуырдағы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің маңызы қандай болса, біздің елдің тұрақтануына қосқан үлесі де сондай зор. Сондықтан, Н.Назарбаевтың осы бағыттағы жұмыстарына табыс тілегім келеді. Н.Назарбаевтың бітімгершілік жолындағы күш-жігерін қолдап, оның қажырлы еңбегіне үлес қосуымыз, көмектесуіміз қажет», - деді Х.Карзай.

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу