Шаруашылықтың жеңіл түрін дамытуда қоян өсіру пайдалы. Елордадағы ең ірі қоян шаруашылығында тек асыл тұқымды қоян түрлері өсіріледі. Осындан 4 жыл бұрын мұнда 500-ге жуық қоян болса, бүгінде олардың саны 2 мыңға жетіп отыр. Қояндар қысы-жазы ұяшықтарда өсіріледі. Шаруашылық технологиясы толықтай автоматтандырылған.
«Біздің басты мақсатымыз – тек асыл тұқымды қоян өсіру. Соның арқасында жаңа будан түрлерін шығару ойда бар. Мәселен, бұл жердегі ең ірі қоянның салмағы 10 келіге жуықтайды. Бұған дейін 16 келіге жететіндері де болған. Алдағы уақытта Франция, Италия, Канада сияқты елдерден тағы бірнеше түрін әкеліп, өсірмек мақсат бар»,-дейді «Астана-Миакро» шаруашылығын басқарушы Владислав Нам.
Шаруашылық Ресейдің әйгілі михайлов технологиясы бойынша жұмыс істейді. Қоянның жем-шөбі, суы және басқа да құнды дәрумендерге толы азықтары ұяшықтарға орналастырылады. Сондықтан, ол сағат сайын бақылауды қажет етпейді. Қазіргі уақытта мұнда асыл тұқымды қояндардың алты түрі бар.
Шаруашылық қызметі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.