Мексикалық боксшы Сауль Альварес ESPN шолушысы Дэн Рафаэльге берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Sports.kz.
«Головкин екеуіміз өзара мықтыны анықтайтын боламыз. Мен де, жанкүйерлер де бұл кездесуді қалайды. Оның қашан өтетінін білмеймін. Қазір Ханмен жұдырықтасуға дайындалып жатырмын», - деді Канело.
Головкиннің алдағы жекпе-жегі 23 сәуірде өтеді. «Жеңілмегендер» бокс шоуы аясында Геннадий америкалық Доминик Уэйдпен кездеседі. Альварес пен Амир Хан шаршы алаңға 7 мамырда шығады.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Уэйд кездесуін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде көрсетеді.