Есеп комитетінің құрылғанына – 20 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есеп комитетінің құрылғанына – 20 жыл

20.04.2016
Есеп комитетінің құрылғанына – 20 жыл

Салтанатты шара барысына Комитет төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин қызметкерлеріне Елбасының құттықтауын жеткізді.

«Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен - республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Қаржы саласындағы тәртіп - отандық экономиканы табысты дамытудың, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың негізі. Оны қатаң сақтауымыз мемлекеттік міндет. Есеп комитеті осы міндетті орындау ісінде жетекші рөл атқарып келеді. Өткен жылдар ішінде ол тәуелсіз аудиттің әлемдік стандарттарға сай жұмыс жүргізетін беделді институтына айналды.

Сіздердің кәсіби қызметтеріңіздің арқасында ұлттық ресурстардың пайдалану тиімділігі артып келеді. Алдағы уақытта да өздеріңізге тапсырылған күрделі міндеттерді абыроймен атқаратындарыңызға сенемін»,-делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Еске сала кетейік, 1996 жылдың 19 сәуірінде ҚР Президенті Н.Назарбаев «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті туралы» ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойған.

 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу