Құжаттар 2016 жылдың 29 сәуіріне дейін қабылданады деп белгіленген. Алайда, арнайы комиссия қалыптасқан жағдайды ескеріп, қабылдау мерзімін 2016 жылдың 16 мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы BNews.kz. хабарлады.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарының сапасы мен қызметін жақсарту, жерлестеріміздің қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында конкурс жариялаған болатын.
Конкурстың талаптары бойынша туристік фирманың:
тіркелгені туралы куәлігі;
Салық комитетінде тіркелгені туралы куәлігі;
туроператорлық лицензиясы;
ҚР аумағында соңғы 5 жыл ішінде қажылық және умра сапарын ұйымдастыру тәжірибесі;
ҚР аумағында халыққа сапалы қызмет көрсететін кеңсесі;
САК Қажылық министрлігінің жаңа талаптарына сәйкес, қажылық чегі (қажыларды Жидда-Мекке-Мадина қалаларына тасымалдау және Мина мен Арафат жазығындағы шатырларда орналасу үшін төленетін жарна) қаржысының кемінде 300 кісіге төленгендігі туралы түбіртек болуы тиіс.
Толық ақпаратты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан алуға болады.