«АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры ауысты

19.04.2016
«АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры ауысты

Енді кәсіпорынды Парамжит Калон басқаратын болды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«2016 жылдың  1 мамырынан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын  ArcelorMIttal компаниясының вице-президенті және топтың басқарушы комитетінің мүшесі  Парамжит Калон басқарады. Калон ТМД «АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры болды. Бұған дейін ол «АрселорМиттал Кривой Рог» ӨАҚ бас директоры қызметін атқарды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қаржы директоры болып Ашок Кумар Сонталия тағайындалды.

Ол осыған дейін  ArcelorMIttal бас менеджері болған. Ол 1 мамырдан жаңа қызметіне кіріседі. 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу