Нидерланд 2025 жылдан бастап жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд 2025 жылдан бастап жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салады

19.04.2016
Нидерланд 2025 жылдан бастап жанармаймен жүретін көліктерді сатуға тыйым салады

Енді бұл бастаманы голланд сенаты құптауы керек.

Бұл бастаманы Жұмысшылар партиясының депутаттары ұсынып отыр. Олар басқарушы коалицияның құрамында. Алғашқыда олар жанармаймен жүретін көліктерге толық тыйым салмақ болған, алайда бұл бастаманы парламент қолдамады. Төменгі палата мақұлдаған заң жобасына сәйкес ескі көліктер әзірге айналымнан шығарылмайды.

Қазір елдегі электромобильдер саны барлық көліктің 10 пайызына жеткен.

 

 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу