2015 жылы «е-қызмет» жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы «е-қызмет» жүйесі іске қосылады

17.04.2014
2015 жылы «е-қызмет» жүйесі іске қосылады
2015 жылдан бастап мемлекеттік қызметтегі кадрлармен жұмысты оңтайландыратын «e-қызмет» жүйесі пайдалануға беріледі. Бүгін осы жүйені жасақтушылар Нидерланд үкіметінің P-DIRECT компаниясының өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасты.
 
Нидерланд үкіметіне қарасты компания бірнеше жыл бұрын барлық мемлекеттік органдардың кадрлық қызметін жүзеге асыратын осындай ортақ жүйені іске қосқан.
 
Нәтижесінде 120 мың мемлекеттік қызметкердің құжаттары мен ротациясын реттеп отыратын адамдардың саны 9 мыңнан 600-ге қысқарған. Тәжірибе алмасып, бағдарламамен танысуға барлық орталық мемлекеттік органдардың кадрмен жұмыс істейтін қызметкерлері қатысты.
 
Қазақстанда да осыған ұқсас «е-қызмет» жүйесі 3 жыл бұрын қолға алынды. Қанатқақты жоба келесі жылдан бастап Ақмола облысы мен Астана қаласында жүзеге аса бастайды. Ал жыл соңында барлық өңірде қолданысқа енеді деп жоспарлануда.
 
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
2015 жылдан бастап біз пилоттық режимде «е-қызметті» енгізе бастаймыз. Нидерланд елінен тек қана орталық үкіметтің персоналды басқару қызметімен айналысса, біздің «е-қызмет» Президент әкімшілігінен бастап, ауыл әкімшілігіне дейін барлық жерді қамтиды.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу