1 мамыр мерекесіне орай астаналықтар мен қала қонақтарын көптеген тосынсыйлар күтіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 мамыр мерекесіне орай астаналықтар мен қала қонақтарын көптеген тосынсыйлар күтіп тұр

18.04.2016
1 мамыр мерекесіне орай астаналықтар мен қала қонақтарын көптеген тосынсыйлар күтіп тұр

Осы уақытта би алаңдары мен ашық бассейн кешендерінің аумақтарын абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды. 

Қаладағы орталық паркті қалпына келтіру кезінде «Уақыт өзені» субұрқағымен басты аллея, «Сағат» стеласын, су шымылдықтарымен үңгірлер, «Күннің көзі» композициясы, Олимпиада чемпиондары алаңын жасау қарастырылған.

Сондай-ақ, паркте су арнасы мен жағалау, үш тас көпір, сарқырамасы бар көру алаңы және серпінді субұрқақтар кешені болады.

Парктегі тоған сақталды, реконструкция кезінде оның аумағы ұлғайтылды.

Парк жаңа аттракциондармен толықты, атап айтқанда, Merry go round және Сircus swing әткеншектері, балаларға арналған Aladin jet 6 мини-джет, Balloon wheel шағын көру дөңгелегі, Wonder Flight көңілді аттракционы және экстремалды Flying School жұмыс істейді.

Парк саламатты өмір салтын ұстанатын адамдардың да сүйікті орнына айналды. Оның аумағында ересектер мен балаларға арналған тренажерлер орнатылған, бұл спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу