Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

18.04.2016
Синоптиктер 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, Қазақстан ауа райына атмосфералық фронттармен оңтүстік және батыс циклондарының әсері сақталады. Сондықтан жиі өткінші жаңбыр жауып, оңтүстікте найзағай ойнайды.

Кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін дауылды жел соғады. Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Температура, бұрынғыша климаттық нормадан 3-10 градусқа жоғары болады.

Хабарламаларға жазылу