Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант суға батып кетті

18.04.2016
Жерорта теңізінде Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант суға батып кетті

Мысыр таратқан ақпараттарға сәйкес, Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант Жерорта теңізінде батып кеткен. Қаза тапқандардың басым бөлігі Сомалиден болды, деп хабарлады Би-би-си.

Олар теңізді төрт тозығы жеткен қайықпен жүзіп өтпек болған.

Соңғы жылдары Мысыр Еуропаға ұмтылған заңсыз мигранттар үшін өткізу бекетіне айналды. Мыңдаған адам Александриядан теңіз арқылы аттанады.

2016 жылдың басынан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 100 мыңнан астам босқын жетті. 

Көші-қон істері бойынша халықаралық ұйым хабарлағандай, Жерорта теңізі арқылы сәтті өтіп Еуропаға жететіндердің саны миллион болса, жолда ажал құшқандардың үлесі 3 700 адамды құрайды.

Ұйым болжамына сәйкес, 2016 жылы Еуропаға тағы  бір миллион босқын баруы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу