Қытайда 500 оқушы белгісіз заттан уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 500 оқушы белгісіз заттан уланып қалды

17.04.2016
Қытайда 500 оқушы белгісіз заттан уланып қалды

Цзянсу провинциясындағы мектептердің бірінің 493 оқушысы белгісіз химикатпен уланып, ауруханаға түсті.

РИА Новостидің хабарлауынша, медициналық мекемеде оқушыларда дерматит, қан сараптамасының нашарлауы, кейбіреулерінен зиянды лимфома мен лейкемия анықталған.

БАҚ ақпаратынша, мектеп жаңа ғимаратқа көшкенде оқушылар денсаулықтарының нашарлағанын аңғарған.

Кейін мамандар оқу орнының ауасы мен суы ластанғанын анықтады. Айта кету керек, бұрын бұл округте үш химиялық зауыт болған екен.

Хабарламаларға жазылу