Алматы облысында белгісіз заттан уланған келіншектің жағдайы жақсарды
Алматы облысында белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілген келіншектің жағдайы жақсарды. Қазір ол терапия бөліміне ауыстырылып, ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастың өміріне қауіп жоқ екенін айтады. Еске салайық, өткен аптада Көлащы ауылында жантүршігерлік жағдай болып, бір үйдің 5 адамы мерт болған еді. 40-қа таяған отағасы жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмса, 4 перзенті ауруханада жан тапсырды. Олардың аналары жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Құзырлы орган өкілдері осы жайт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтқан. Нәтижесі бір ай ішінде белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша, отбасы мүшелері табиғи газдан уланған болуы мүмкін.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31
Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды
12.02.2026, 10:29
БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды
12.02.2026, 10:26
Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қайтыс болды
12.02.2026, 10:25
Үндістанда шахтадағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті
12.02.2026, 10:24
Зеленский сайлау уақытын ақпанда жарияламайтынын мәлімдеді
12.02.2026, 10:22
Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
12.02.2026, 10:19