Ұлттық арна тілшілері сенбі күні де бұқараға төрткүл дүние мен еліміздегі маңызды оқиғалар жайында мәліметтер береді. Бүгін KazNews-тен көретіндеріңіз:
• Үш тұғырлы тіл - уақыт талабы. Елордамыздағы білім беру мекемелері 2020 жылға дейін толықтай үш тілді білім беру жүйесіне көшеді.
• Жапония СІМ: Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Ал, елде тағы да 7,4 баллдық жел сілкінісі болып, құрбан болғандар саны 21-ге жетті.
• Астанада ақын Ханбибі Есенқараева Ұлттық кітапханада оқырмандарымен кездесті.
• Ресейдің Барнаул қаласының тұрғыны «Әлем уақыты» атты жекеменшік музей ашып қойған, бұл музейде қазақ тарихына қатысты жәдігерлер де аз емес.
• Ақтауда массаж жасаушы маман сырқат балаларға тегін массаж жасап жүр. Ал, астаналық қайырымды жандар лейкозбен ауыратын 7 жасар қыз баланы емдетуге көмектесуге бел буды.
• Ақтөбе қаласының тұрғындары жаппай сенбілікке шықты. Мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпкерлік нысандары қызметкерлері мен жастар қала сыртындағы полигонға 4 жарым мың тонна қоқыс шығарған.
• Әйгілі Медеу шатқалына 5000 түп ағаш отырғызылды. Бұл Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде атқарылып жатқан ілкімді істердің бір бөлігі ғана.