Ал, Үндістанда бұл көліктің бағасы 2 мың доллар. Бұл туралы Kolesa.kz сайты жазды.
Көлік алғаш Астанада сатылмақ. Сонан соң Шымкент, Қостанай, Өскемен, және Ақтөбе қалаларында сату жоспарлануда. Bajaj Qute көлігі 100 шақырымға 3 литр бензин жағады. 8 литр бензинмен 250 шақырым жүруге болады.
Bajaj көлігі жуырда Кореяда сатылымы тоқтаған Daewoo Matiz көлігінің орнын басуы мүмкін. Бүгінде Matiz-дің бағасы – 1,6 миллион теңге.