Бүгін Астанада «Жасыл кафе» атты ақпараттық алаңы өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары «Жасыл экономика моделіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобасының қаржылай қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды даму Коалициясы» ЗТБ және Қазақстанның Бас редакторлар Клубы.
«Жасыл кафе» алаңынды «жасыл» экономика, «жасыл» технологиялар, қоғам арасында «жасыл» ойды қалыптастыру мен энергия тиімді өмір салты тақырыптары талқыға салынбақ.
Бірінші кездесудің спикерлері ретінде «Жасыл экономика моделіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК бірлескен жобасының менеджері Г.Исаева; «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы С.Т.Рақымбекова қатысады. Спикерлер Су секторындағы жасыл экономика мен оның артықшылықтары, «Жасыл пресса» республикалық конкурсының тұсаукесері туралы әңгімелейді.
Айына бір рет жоспарланып отырған іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстанның «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын дамытуға және еліміздегі жүзеге асырылған «жасыл» тәжірибелер мен инновацияларды халық арасында насихаттау.
Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ