Ведомство басшысы орынбасарының айтуынша, тек 2015 жылдың өзінде порталға 2,5 миллионнан астам адам тіркелген. Бүгінгі таңда сайтты елдің экономикалық жағынан белсенді тұрғындарының жартысынан көбі пайдаланады.
С.Сәрсеновтың айтуынша, порталдың көмегімен республикада 10 миллионнан астам электронды цифрлық таңбалар беріліп, олардың 4,5 миллионға жуығы жеке куәліктің чиптеріне орналастырылған. Сонымен қатар, 130 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Қазіргі таңда egov.kz порталы арқылы 240 түрлі қызметтерді пайдалануға болады.
Вице-министрдің мәліметтері бойынша, портал арқылы салықтар мен айыппұлдарды, коммуналдық төлемдерді төлеп, ажырасуға немесе жаңа туған нәрестені тіркеуге өтініш беруге, сондай-ақ, өзге де көптеген қызметтерді пайдалануға болады.
Ал, 2014 жылы басталған сайтты трансформациялау жұмыстары көптеген қызметтерді біріктірді.