Тегеранда Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды

11.04.2016
Тегеранда Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды

Тегеранда Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық және ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Оның үшеуі ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің көмегімен қол жеткізілген келісімдер.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Иран Ислам Республикасына ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегация сапармен барған болатын.

Қазақстандық «Топан» ЖШС-і мен ирандық «Электро Кавир» компаниясы арасындағы келісім аясында Қазақстанда жасалған көмірсутектерді технологиялық және коммерциялық есептеу жүйесін жеткізеді. Жоба құны - 70 миллион АҚШ доллары.

«Топан» ЖШС-мен ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» АҚ-ы былтырдан бастап жұмыс істей бастады. 2015 жылы қазанда компания экспортты ілгерілету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды және Ирандағы жарнамалық-таныстырылымдық іс-шараға қатысты. Сол жолғы сапар барысында компания мұнай-газ құрылғысының сынақ нұсқасын жеткізу жөніндегі шешім қабылдады. 2016 жылы ақпанда Министр Әсет Исекешев сапары аясында Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты.

Сонымен қатар, қазақстандық «Торговый дом «АЛЗ БАТТ» ЖШС мен ирандық «K.T. Steel Complex ManufacturingImport» компаниясы арасында 150 мың тонна темір өнімі мен 100 мың тонна фасонды жайма, жалпы құны 71 миллион АҚШ доллары болатын өнім жеткізу туралы келісім жасалды.

2014 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ және «Ақтау темір құю зауыты» ЖШС зауыт өнімдерін экспортқа шығару туралы бірлескен жоспар жасаған болатын. Сол жоспар аясындағы бірінші шара компанияның Ресейде өткен «Металл Экспо-2014» халықаралық өндірістік көрмесіне қатысуы болды. Осыдан кейін компания өз өнімдерін «Туркменское строительство-2015» көрмесінде ұсынып, онда 6 миллион АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісімшартқа қол жеткізді. Тауар белгісін ілгерілету сынды мемлекеттік қолдаудың арқасында компания 2014 жылы ирандық компаниямен 77 миллион АҚШ доллары көлемінде экспорттық келісімшартқа қол қойды.

Қазақстандық «Alageum Group» ЖШС мен ирандық «Niroo Nransfo Co» компаниясы арасында Иранға трансформаторлар мен трансформатор майларын жеткізу туралы келісімшарт жасалды.

«Alageum Group» ЖШС-ға ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» АҚ тарапынан жасалған мемлекеттік қолдау арқасында компания әр жылдары Түрікменстан, Тәжікстан, Грузия, Әзірбайжан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Беларусь, Армения елдерінде өткен сауда миссиялары мен Мәскеу, Ашхабад, Ташкент қалаларында өткен халықаралық ірі көрмелерге қатысты.

Хабарламаларға жазылу