Жаяу Мұса жастайынан халық музыкасымен сусындап, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілердің өнерімен танысып өскен. Өзі де ән салып, домбыра шерте бастайды. 1851 жылы Қызылжарға келіп, орыс тілін үйренеді. Кейін домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді.
Жаяу Мұсаның музыкалық шығармалары – халықтың әншілік-орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ, қала әсерінен пайда болған марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыған.
Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар - Александр Затаевич, Ахмет Жұбанов, Борис Ерзакович, Михаил Лалинов, әндерін айтып берушілер - Қосымжан Бабақов, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебеков және Жаяу Мұсаның баласы Салық Мусин.
Жаяу Мұса әндерінің ерекшелігі неде? Бүгін сағат 08:30-да «Ғасырлар үні» хабарынан біле аласыздар.