Көпшілікті дүнген асханасы қызықтыратыны анық. Олардың тіл үйірер лагмандары да халықтың сүйікті астарының бірі. Күнделікті дүнген тағамдарында негізгі тұтынылатын өнімдер: өсімдік майында дайындалған ет, ұн, күріш және де көкөністер.
Дүнгендерде астың ерекше дәмді болатынын бір себебі – олар асқа түрлі дәмдеуіштерді көптеп қосады. Дәмдеуіштерді дұрыс қолдана білу аспаз үшін үлкен өнер саналады. Олар тағамға тек дәм беріп ғана қоймай, хош иіс пен әдемі өң береді.
Көп қолданылатын дәмдеуіштер қатарында қалампыр, зире, бадьян, кориандыр, корица т.б. бар.
Дүнген халқы да қазақ халқы сияқты барлық еттен жасалатын тағамдарды пайдаланады және оны құнарлы деп санайды. Бүгін 12:30-да «Ас болсын!» хабары дүнген халқының тағамын дайындайды.