Астанада «Ұлы Жібек жолы: өткені, бүгіні және ертеңі» атты көрме өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Ұлы Жібек жолы: өткені, бүгіні және ертеңі» атты көрме өтті

08.04.2016
Астанада «Ұлы Жібек жолы: өткені, бүгіні және ертеңі» атты көрме өтті

Биыл 4-ші рет өткізіліп отырған «Көктем салонының» тақырыбы – «Ұлы Жібек жолы: өткені, бүгіні және ертеңі»,-деп аталады. Бұл көрмеде көркем сурет, графика, фотобейне және саунд-арт бағытындағы жұмыстар көрермен назарына ұсынылды.

«Көктем салоны» ұйымдастырушыларының басты мақсаты – өнер жолындағы кейінгі жас буын суретшілерді көпшілікке таныту, оларды бір-бірімен таныстыру. Осылайша, оларға қолдау көрсету. Мұндағы суретшілер өз ойларын, көзқарасын тарих тұрғысынан және қазіргі уақытты байланыстырып жеткізуге тырысқан. Мысалы, бір картинадан ескіні де, жаңаны да көруге болады»,-дейді өнертану ғылымдарының кандидаты Ардақ Жүсіпова.

Халықаралық көрмеге АҚШ, Германия, Ресей елдерінен  қатысқан суретшілер туындыларын видео арқылы жолдапты.

Жас суретші Мұхит Мырза-Әлі Ақанай көрмеге төрт жұмыс әкелген. «Жұмыстарымның үшеуі  Ұлы Жібек жолына қатысты. «Қыран» тарихи туындысына келетін болсақ, ол перформанс жанрындағы туынды. Ал, «Дала кемесі» инсталляциялық жұмыс. Мұндағы түйе латун металынан жасалған»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу