Атадан балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын өзіндік тылсым сыры бар қасиетті өнердің бірі – зергерлік. Ал, осынау өнерді жалғастырушылардың бірі Таймас Гесмұратұлы 20 жылға жуық уақыттан бері бағалы бұйымдар жасаумен айналысып келеді. Алайда, ол бұл салаға кездейсоқ келгенін айтады.
«Бір затты жасау үшін 20-30 құрал керек. Оның ұстауға ыңғайлы-ыңғайсызы бар. Зергерлікті жоқ дегенде, 3-6 ай үйрену қажет»,-дейді зергер.
Оның айтуынша, күміс ыңғайлы әрі денсаулыққа пайдалы металл. Сонымен қатар, әртүрлі күміс әшекей бұйымдарын әсемдеу үшін ақық, маржан секілді тастарды қолданады.
Оның өзгелерден басты ерекшелігі – жаңа мен ескіні сабақтастыра отырып, ұлттық нақыштағы ерекше туындылар жасауында.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.