Индонезияда улы жылан шағып алған әнші сахнада жан тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда улы жылан шағып алған әнші сахнада жан тапсырды

07.04.2016
Индонезияда улы жылан шағып алған әнші сахнада жан тапсырды

Кобра 29 жастағы әншіге концерт уақытында шабуыл жасаған, оның тістегеніне қарамастан, әнші тағы 45 минут ән салған. Кейін бойына у тараған соң Бьюлдің құсып, сіңірі тартылып жатқан сәтін және оның сахнада құлағанын өнеріне табынушылар видеоға түсіріп алған.

The Daily Mail жазғандай, оқиға Батыс Ява провинциясы Караванг елді мекенінде орын алды. Бьюл абайсыздан корольдік әбжыланның құйрығын басып кетіп, оны жылан шағып алған. Әншіні ауруханаға жеткізді, алайда онда дәрігерлер өнер иесінің қайтыс болғанын хабарлады.

Полиция Бьюл өліміне қатысты тергеу амалдарын бастады.

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу