Бекзат Рақымов А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ музыкалық мектебінің талантты шәкірттерінің бірі. Ол небәрі 8 жасында республикалық және халықаралық пианистер арасындағы байқауларда топ жарып, музыка әлеміне алғашқы қадамын басқан.
2015 жылы Италияның Милан қаласында өткен EXPO-2015 көрмесінде жас өрен әлем жұртшылығына өз өнерін паш етті.
«Бекзаттың музыкадан тәлім алып жүргеніне 8 жылдың көлемі болды. Қазір 13 жаста. Алайда, сахнадағы орындау мәнерін көрсеңіз, кәсіби шеберден кем түспейді. Бұл қасиет оның нағыз дарын екенін дәлелдейді. Осы бағытынан таймаса, болашақта елімізді жаһанға танытатын азамат болатынына сенемін»,-дейді ұстазы Гүлжан Қазбекова.
Көбінесе ырғақты әуендерді орындайтын жас пианист туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.