Құрбандардың 30-ы - әскерилер, үшеуі - бейбіт тұрғындар. Ал, жараланғандардың саны 200-ден асқан.
Таулы Қарабақ Әзірбайжан аумағында орналасқан. Алайда, оның 150 мыңдай тұрғынының басым бөлігі – армяндар. Бұл аймақ автономия мәртебесін большевиктер билікке келгесін алды. Ал, 1988 жылы армяндар Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасынан бөлінетіндігін жариялады.
Сол талап әскери қақтығысқа ұласып, алты жылға созылған соғыста 30 мыңнан астам адам қаза тапты. Ал, ымыра туралы келісімге 1994 жылы қол қойылды. Бірақ, содан бері Қарабақ пен оның айналасындағы аудандарға армяндар билік етіп отыр.