Пәкістанның солтүстік-батысында Хайбер-Пахтунва провинциясында су тасқынынан 49 адам ажал құшты.
Бұған дейін 36 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын. Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Тағы 34 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған. Елдің төтенше қызметі Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы су тасқынына нөсер жаңбырдың себеп болғанын хабарлады.