Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1500 адамға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 1500 адамға жуықтады

16.09.2022

Олардың 530-ы – бала. Үйінен айырылған жүздеген мың адам әлі де далада түнеуге мәжбүр. Маусымда елде муссон жаңбыры басталып, солтүстіктегі таулардың басындағы мұздықтар еріп, 220 миллион халқы бар елдің көп бөлігін топан су басты. Бүгінде зардап шеккен тұрғындардың жалпы саны 33 миллионға жетті. Экономикаға келген шығын – шамамен 30 миллиард доллар.


Хабарламаларға жазылу