Бүгін Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

02.04.2016
Бүгін Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

2008 жылдан бастап жыл сайын 2-сәуірде атап өтіледі. Бұл Бүкіләлемдік күн Катар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 2008 жылғы жолдауында атап өтті.

Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен балалардағы аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, аутизмнен зардап шеккендер арасында балалар үлесінің жоғары болуы мазалайтыны айтылған, неғұрлым ерте диагноз қою және тиісті тексеру жүргізу қажеттігі атап көрсетілген.

Қаулы қоғамды, оның ішінде отбасыларын, аутизмнен зардап шеккен балалар туралы хабардар ету үшін барлық шараларды қабылдауға ұсыныс береді.

Хабарламаларға жазылу