Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің жартылай финалында +91 келі салмақта сынға түскен Иван Дычко иорданиялық боксшы Хусейн Яшаишты ұтып, Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Сондай-ақ, бұған дейін 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов, 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен қыздар арасында 75 келіде сынға түскен Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болса, 52 келідегі Олжас Сәттібаев пен 56 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда жеңіліп қалды.