Марат Бекетаев: Биыл Қазақстанда 7 түрме жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Бекетаев: Биыл Қазақстанда 7 түрме жабылады

30.03.2016
Марат Бекетаев: Биыл Қазақстанда 7 түрме жабылады

2016 жылы Қазақстанда 7 түзету мекемесін жабу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Бекетаев мәлім етті.

«2016 жылдан бастап жергілікті полиция қызметі жұмысын бастады. Барлық кадрлық мәселелер шешілді. 25 мыңнан астам қызметкер тағайындалды. 2015 жылдан бастап республика бойынша учаскелік инспекторлардың халықпен 25 мыңнан астам есептік кездесуі өтті», - деді М.Бекетаев.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ орталық аппараты, Астана мен Алматы қалаларының және 14 облыстың ІІД жанынан полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне халықтың шағымдарын қарау бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. Сондай-ақ, сәйкес қоғамдық кеңестер барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерінде жұмысын бастады.

«2013 жылдан бастап түрмеде отырғандар 21 пайызға қысқарды. Сотталушылардың санының азаюына байланысты биыл 7 түзету мекемесін жабу жоспарланған», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу