Қылмыс жасаған жасөспірімдерді түзету мекемесі түзете ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қылмыс жасаған жасөспірімдерді түзету мекемесі түзете ала ма?

01.09.2018

Қазақстанда бір ғана жасөспірімдер колониясы бар. Алматы өңірінде. 70 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Түрме түрме болғалы ол жақтан жантүршіктірерлік ақпарлар жиі айтылады. Сотталғандар кәмелетке толмағандар болған соң аталмыш абақтының жөні бөлек. Осыдан 2-3 жыл бұрын Алматыдағы балалар колониясын жауып, бірнеше қаладан түрме тектес бөлімдер ашайық деген ұсыныс болды. Бірақ, ол ұсыныс сол күйі қалды. Бізде жасөспірімді түрмеге жібермеуге тырысады, сотталған күннің өзінде ендігі өмірі не болады деп қатты алаңдаймыз.

Жас өскіндерге арналған 3000-нан астам түзету мекемесі бар АҚШ-та жағдай басқаша. Қазір мұхиттың арғы бетіндегі елде 90 000-нан астам кәмелет жасына толмаған қылмыскер жазасын өтеуде. Америка, Оңтүстік Африка Республикасы, Танзания және Израиль төрттігінде жасөспірім өте ауыр қылмыс жасаса 13-14 жастан бастап өлім жазасына кесіледі. Американың кей штаттарында үйінен қашқан немесе мектепке бармай қойған ұл-қызды түрмеге тастай салатын тәртіп бар. Германияда балалар колониясы жоқ, түрмелердің жанында жекелеген бөлімдер ғана бар, ол жақта 14 пен 21 жас аралығындағы ұл-қыздар жазасын өтейді екен. Ішінде білім беретін сыныптар, кітапхана, спортпен шұғылданатын залдар, теннис корттары мен соңғы үлгіде жабдықталған медициналық мекеме бар көрінеді.

Ал, біздің елдегі жалғыз балалар колониясындағы ахуал қалай? Қылмыс жасаған жасөспірімдерді түзету мекемесі түзете ала ма? Арнайы аталмыш колонияға барып, істі іштен біліп келген Еркін Съезұлы мәселені жеткізеді.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу