Осыған қарай облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасауды көздеп отыр.
«Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес сондай-ақ, барлық елге танымал тұлға. Оның аты бүкіл әлемге белгілі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – болашақ ұрпаққа оның ұлағатты мұрасын сақтап, жеткізу. Сол себепті, комиссия құру және шараларды жоспарлау кезінде міндетті түрде Маңғыстау облысы тұрғындарының ой-пікірлері ескерілетін болады», - деді Алик Айдарбаев.
Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаражат та бөлінбек, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.