«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – Еркебұлан мен Айжан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – Еркебұлан мен Айжан

29.03.2016
«Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары – Еркебұлан мен Айжан

«Таңшолпан» жариялаған «Жарасымды жұп» байқауының кезекті қатысушылары - шымкенттік Еркебұлан Тасқараев пен Айжан Шегебаева.

Ең алғаш 2011 жылы Шымкент қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяның ашылу салтанатында танысқан. Бүгінде отбасы құрып, берекелі шаңырақ иесі атанып отыр.

Еркебұлан - капитан шеніндегі тәртіп сақшысы болса, Айжан «Қазына» би ансамблінде өнер көрсетеді.

Әрдайым бір-біріне қамқор бола білетін олар мәңгілік махаббатты ту етеді. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, тұңғыштары Есімханның жолын жалғар ізбасарларының көп болуын армандайды.  

Хабарламаларға жазылу