Болат Әбділманов режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің «Абай» трагедиялық қойылымында басты рөл – хакім Абайдың бейнесін сомдап, актерлік өнердің биік шыңына шыққан өнер иесі.
Оның талантына талайлар бас иді, шынайылығы үшін Абайды сүйгендей сүйді. Талғамы биік көрерменінен лайықты бағасын да алған актер.
Болат Әбділманов 1960 жылы 12 қарашада Талдықорған қаласында дүниеге келген. Театрда талай рөл сомдаған актер «Дұшпан, тоғызыншы ұлдан қорық», «Сағыныш», «Саранча», «Застава», «Шақал», «Махамбет», «Қош бол, Гүлсары», «Біржан сал», «Ағайынды», «Арман қала», «Лавэ», «Іздеу», «Аш есікті, мен - бақытпын», «Прыжок Афалины», «Жерұйық» фильмдеріне түскен.
Актердің айтары бар ма? Бүгін 21:00-де «Дара жол» хабарында Болат Әбділмановтың жақындары мен жора-жолдастарының сұхбатын көре аласыздар.